Порталдағы жаңартулар:
Balabaqsha SmartNation порталында жаңа функционал қолжетімді болды — өтініш берушіні ауыстыру мүмкіндігі.
Егер өтінішті баланың екінші ата-анасының атына рәсімдеу қажет болса, өтініш берушіні келесі кезеңдерде ауыстыруға болады:
📌Мектепке дейінгі ұйымды таңдау қадамында — өтініш карточкасындағы "Өтініш берушіні ауыстыру" батырмасы арқылы;
📌Ваучерді растау қадамында — өтініш карточкасындағы "Өтініш берушіні ауыстыру" батырмасы арқылы.
🔹 Не істеу қажет:
📌"Өтініш берушіні ауыстыру" батырмасын басыңыз;
📌Жаңа өтініш беруші болатын екінші ата-ананың ЖСН-ін енгізіңіз;
Жүйе мынадай тексерістерді орындайды:
📌Аталған тұлға баланың ата-анасы ретінде тіркелген бе (АХАЖ деректері негізінде);
📌Ол Balabaqsha SmartNation порталында тіркелген бе;
✅ Егер деректер дұрыс болса — "Растау" батырмасы шығады.
Расталғаннан кейін өтініш жаңа өтініш берушіге тіркеледі.
❗ Егер екінші ата-ана порталға тіркелмеген болса — мынадай хабарлама келеді:
“Жаңа өтініш беруші Balabaqsha SmartNation порталында тіркелмеген. Порталға тіркеліп, «Менің балаларым» бөліміне баланы қосу қажет.”
Порталда ваучермен басқа мектепке дейінгі ұйымға (МДҰ) ауыстыру процесіне қатысты жаңарту енгізілді.
📌Баланың қазіргі балабақшадан шығарылуын растағаннан кейін, ата-ана жаңа балабақшаға өтініш бере алады.
📌Жаңа балабақша 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қарастырып, келісімшартты жолдауы тиіс.
📌Өтініш карточкасында өтінішті өңдеу мерзімін кері санайтын таймер көрсетіледі.
📌Жүйе баланың шығарылған уақытын белгілеп, барлық келесі әрекеттерді осы сәттен бастап есептейді.
Егер балабақша өтінішті уақытында өңдемесе:
Өтініш "Белгіленген мерзімде өңделмеді" деген статусқа өтеді;
Ата-анаға мынадай хабарлама жіберіледі:
"Сіздің өтінішіңізді балабақша уақытында өңдеген жоқ. Сізде басқа балабақшаны таңдап, жаңа өтініш беру үшін тағы 4 жұмыс күні бар."
Бұл 4 күн алдыңғы балабақшаға берілген 1 жұмыс күні өткеннен кейін есептеледі.
❗ Егер ата-ана осы мерзім ішінде жаңа өтініш бермесе — ваучер жойылады.
“Беске дейін үлгер” мобильді қосымшаның қолдану нұсқаулығы
Көру қабілеті бұзылған балалар бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстар
- Ата-аналар баланың ұзақ уақыт емделуге деген қызығушылығын үнемі қадағалап, қолдаулары керек.
- Көру патологиясы бар балалар сөздерді дұрыс түсінбейді, өйткені олар оларды нақты заттармен нашар байланыстырады, сондықтан оларға білікті логопедиялық көмек қажет.
- Балалардың назарын әртүрлі дыбыстарға аудару керек: көлік қалай шу шығарады, тоңазытқыш қалай жұмыс істейді, судың ағысы , желдің гуілі т. б.
- Баланы кез-келген әрекетке үйрете отырып, автоматизмді дамыта отырып, баламен бірге бірнеше мәрте қайталау керек . Бұл әсіресе көру қабілеті бұзылған балалар үшін өте маңызды.
- Алынған дағдыларды үнемі қайталау маңызды.
- Страбизмі мен амблиопиясы бар балалар үшін стереоскопиялық көрудің дамуы үлкен маңызға ие. Бұл жағдайда үстел теннисі, бадминтон, баскетбол, волейбол, қалашықтар сияқты ойындар өте тиімді. Бұл ойындар балалардан кеңістіктің тереңдігін, заттардың қашықтығын және олардың арасындағы қашықтықты бағалауды талап етеді.
- Көру қабілеті нашар балалар үшін үстел ойындары қолайлы: бильярд, футбол, хоккей, оның көмегімен балалар өздеріне және басқа объектілерге қатысты кеңістіктегі объектілердің қашықтығын, олардың арасындағы қашықтықты анықтауға машықтана алады.
- Велосипедпен жүру көру қабілеті бұзылған балаларға да қол жетімді және өте пайдалы-әрине, ересектердің бақылауымен бірге болғаны жөн.
- Көру қабілеті бұзылған барлық балаларға бинокулярлық және стереоскопиялық көруді дамыту үшін әртүрлі ірі конструкторлармен ойнау өте пайдалы. Ойын уақытында ересектер жіті назарда ұстаулары қажет.
Құрметті ата-аналар! Абай болыңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар
Жолда жүру ережесін сақтайық!
Қадірлі ата-аналар, балалардың заңды өкілдері!
✅Бүлдіршіндеріміздің қауіпсіздігін сақтау әрқашан маңызды!
✅Сақ болыңыздар!
✅Ашық терезеге балаларыңыздың жақындамауын қадағалап, терезе алдына оларды ешқашан отырғызбаңыз. Ашық терезе маңында ойнаудың қауіпті екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.
✅Сәбиіңізді ешқашан қараусыз қалдырмаңыз!
❗️❗️❗️Ересектердің қырағылы балаларды үлкен қауіптерден сақтайтындығын есте ұстаңыз!
Ата-аналарға кеңес: Қандай ойындар көру қабілетінің дамуына ықпал етеді?
Безопасность на водоемах в летний купальный сезон
Ата-аналарға арналған нұсқаулық Жеке кабинет арқылы түзету өтініш беру