telegram  instagram

Протозанов көшесі, 133 мекенжайында орналасқан ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 «Айгөлек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК маңындағы қауіпті нысандар (шұңқырлар, құдықтар, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстар)

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 «Айгөлек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-ға жақын аумақта, Славский жағалауы, 58 жағынан қақпағы дұрыс жабылмаған (люксіз) құдық анықталды.
Мұндай нысандар балалардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Сонымен қатар балабақша аумағындағы жаяу жүргіншілер жолында сумен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін асфальт жабындысы шөгіп кеткен.
Бұл да балалардың қауіпсіздігіне қатер тудырады. Жұмысты жүргізген мердігер мекеме уақытша ірі түйіршікті құм төсеген. 31 мамырға дейін аталған аумаққа асфальт төселеді. Кепілдік хат бар.
Балалар табиғатынан қызыққұмар келеді, сондықтан мұндай орындар олардың назарын аударуы мүмкін.
Алайда бір ғана абайсыз қадам орны толмас жағдайға әкелуі ықтимал.

Осыған байланысты жауапты қызметтерден:
* қауіпті жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды
* құдықты қауіпсіз түрде жабуды
* мәселе толық шешілгенге дейін аумақты қоршауды сұраймыз

Ата-аналардан:
— балалармен қауіпсіздік ережелері туралы сөйлесуді
— серуен кезінде мұқият болуды
— осындай қауіпті нысандар туралы хабарлап отыруды сұраймыз

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Бейжай қарамайық!

#балаларқауіпсіздігі #балабақша #маңызды #назар #қауіп #қала #балалар

IMG 20260428 WA0013

IMG 20260428 WA0014

IMG 20260428 WA0015